{metadescription}
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қызметінен кетті

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қызметінен кетті

Бұл туралы Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Алты жыл деген аз уақыт емес, көп те уақыт емес. Осы аралықта сіздермен бірге қаланың ыстығына күйіп, суығына тоңып, шама-шарқымыз келгенше қызмет атқардық. Қала басшысы лауазымындағы қызметім тәмамдалуда. Осынау көрікті шаһар — Өскемен қаласының тұрғындарына, ел басшылығына маған сенім білдіргендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді ол. 

Айта кетейік, Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі лауазымына 2018 жылдың тамыз айында тағайындалған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.