Путин Қазақстан Президентін Ресейдегі ірі халықаралық шараларға шақырды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Фото: akorda.kz
19:43 27.11.2024
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстандағы кезекті мемлекеттік сапары барысында Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресейдегі ірі халықаралық шараларға шақырды.
«Ең алдымен, осындай салтанатты кездесу үшін Президентке алғыс айтқым келеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз сізбен үнемі кездесіп жүрміз және осындай жұмыс жағдайына үйреніп те қалдық. Осыншалық салтанатты рәуіште қарсы алып жатырсыздар. Сізге көп рахмет.
Достығымыз бір төбе, іскерлік қарым-қатынасты да өз деңгейінде ұстап келеміз. Бәрі шынымен де ең серпінді, ең жақсы үлгіде дамып жатыр. Біз үнемі байланыстамыз», - деді Ресей президенті.
Сондай-ақ, ол Қасым-Жомарт Тоқаевты Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтой шарасына шақырды.
«Мен сізді әдеттегідей жаңа жыл қарсаңында ТМД аясында өтетін Санкт-Петербургтегі бейресми кездесуде көреміз деп үміттенемін. Әлбетте, сізді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойда күтемін. Бұл біздің ортақ жеңісіміз», - деді Владимир Путин.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!