{metadescription}
Астанада кәмелетке толмаған 165 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді

Астанада кәмелетке толмаған 165 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді

Елордада жасөспірімдер қылмысының алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Полицейлер аудандық әкімдіктердің, білім басқармасының және Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қызметкерлерімен бірлесіп, саябақтар мен гүлзарларды, компьютерлік клубтарды, кафелерді тексереді. Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында болу деректері анықталды.

— Рейдтік іс-шаралар шеңберінде аудандық ІІО-ға 165 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, 6 бала есепке алынды. Сонымен қатар, 151 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы» бойынша 109 факті тіркелді. Балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, ойын-сауық мекемелерінің иелері сағат 22.00-ден кейін ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалары жоқ балаларды кіргізгені үшін жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде