Нұрғиса Қамашев БҚО цифрлық технологиялар басқармасын басқарады
Конкурстық комиссияның шешімі негізінде облыс әкімінің өкіміне сәйкес Нұрғиса Мәлікұлы Қамашев БҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Фото: БҚО әкімдігі
11:31 28.11.2024
БҚО әкімдігінен алынған мәліметке қарағанда, Нұрғиса Қамашев 1984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін заңтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» ЖМ Атырау облыстық филиалы басшысының орынбасары, кейін басшысы, «Темірбанк» АҚ проблемалық несиелермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы, Атырау облысы Индер аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы болды.
Сондай-ақ Орал қаласында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының жалпы мәселелер жөніндегі көмекшісі, БҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Дариян селолық округі бойынша бөлімінің бастығы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК БҚО бойынша филиалы мониторинг және мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау қызметінің басшысы-бас маманы, осы филиалдың мониторинг және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау қызметінің басшысы, «Қазпочта» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!