12 бала тәттіден уланды
Қырғызстанның Шу ауданы Искра ауылында 27 қарашада мектеп оқушылары кәмпит пен тәтті спрейден уланған, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: pexels
10:56 28.11.2024
Шу облысы ішкі істер басқармасының мәліметінше, 27 қарашада Тоқмақ қалалық ауруханасына Искра ауылының кәмелетке толмаған 12 тұрғыны (2012, 2009, 2008 ж.) «тамақтан улану» диагнозымен түскен. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, барлығы үйлеріне жіберілді. Аталған факті тіркеліп, тергеуге дейінгі тексеру амалдары басталды.
Анықталғандай, 12 жастағы 7 сынып оқушысы Искра ауылындағы қоқыс полигонынан бір пакет «BEN 10» кәмпиттері мен бөтелкедегі тәтті спрейді тауып алып, мектептегі сыныптастарына берген. Артынша балалар тәттілерден уланған. Өнімдер тәркіленіп, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!