{metadescription}
Түркістан облысында өнеркәсіп иелері үшін электр қуаты арзандатылды — әкім

Түркістан облысында өнеркәсіп иелері үшін электр қуаты арзандатылды — әкім

Түркістан облысында жыл басынан бері өнеркәсіп өнімі көлемі 8,8 пайызға артып, 960 млрд теңгеден асты.

Оның ішінде қайта өңдеуге барынша басымдық берілуде. Бұл туралы өңір әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік-экономикалық даму туралы есептік кездесуінде айтты.

«Биыл Президент өз Жолдауында экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуды тапсырған болатын, инвестиция тарту жұмысын күшейту керектігін айтты. Түркістан өңірінде осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Нәтижесінде кіріс көздері ұлғайып, өндіріс орындары көбеюде. 10 айда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім бар. Экономиканың басым көрсеткіші саналатын жалпыөңірлік өнім көлемі алдын ала есеп бойынша 4 трлн теңгеге жетіп отыр. Қысқамерзімді экономикалық өсім — 110 пайызды құрады», — деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есептік брифингте.

Әкімнің айтуынша, аймақтағы өнеркәсіп өнімі көлемі 8,8 пайызға артып, 960 млрд теңгеден асты. Оның ішінде қайта өңдеуге барынша басымдық берілуде.

Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 463 млрд теңгеге өнім өндіріп, 113 пайыз өсім тіркелді. Өсім негізінен тау-кен, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және жиһаз өндірістері есебінен орын алып отыр.

«Ашық айтайық, өңірде негізгі өндіріс орындарын қалыптастыруға энергетика тапшылығының кедергісі бар. Сонымен қатар, облыстағы индустриялық аймақтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында біз Үкіметке электр энергиясы бағасын төмендету ұсынысын енгіздік. Нәтижесінде қолдау тауып, бүгінгі таңда тариф бағасы индустриялық аймақтарда 47 теңгеден 25 теңгеге дейін төмендетілді», — деді Д. Сатыбалды.

Оған қоса, энергетика тапшылығын шешу мақсатында 1,9 трлн теңгеге жалпы қуаты 2,7 ГВт болатын 7 ірі жоба жүзеге асырылуда. Сайрамда қуаты 1000 МВт болатын станцияның құрылысы басталды.

Сондай-ақ, қосымша 300 МВт күн электр станциясының жобасы әзірленуде. Түлкібаста 320 МВт, Кентауда 240 МВт газ турбина, Бәйдібекте 350 МВт жел электр станциялары салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде