{metadescription}
БҚО-да сібір жарасы шыққан ауылда карантиндік іс-шаралар жүргізілді

БҚО-да сібір жарасы шыққан ауылда карантиндік іс-шаралар жүргізілді

Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі Ордабай ауылының тұрғыны С.Қайнешовтің 1 бас ірі қара малынан алынған сынамаларды зертханалық тексеру қорытындысымен сібір жарасы анықталды.

БҚО ветеринария басқармасынан мәлім еткеніндей, ауру 5 қараша күні тіркелген.

Соған байланысты Қошанкөл ауылдық округі әкімінің 8 қарашадағы № 23 шешімімен ауру ошағына карантин қойылды. Ауру ошағын жою мақсатында ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешені жүргізілді. 22 қараша күні қорытынды дезинфекция өткізілді. 26 қараша күні карантиндік іс-шаралар тоқтатылды.

Ветеринария басқармасының мәліметі бойынша күні бүгін облыс аумағында эпизоотиялық жағдай қалыпты, толық бақылауда. Сібір жарасы ауруы бойынша қауіп жоқ.

Басқарма Атырау қаласында анықталған сібір жарасы ауруының БҚО-дан тасымалданған ірі қара малына қатыстылығы туралы мынадай ақпаратты жеткізді.

«Биылғы 21 қазан күні Жаңақала ауданының «Ғабдуллин Е.» шаруа қожалығының 10 бас ірі қара малы Атырау қаласына шығарылған. Бұл малдар сібір жарасы ауруына қарсы вакцинацияланған. Малды тиеу, тасымалдау және 22-23 қазанда Атырау қаласында сатып, өткізу кезінде ешқандай ауру белгілері болмаған. Ауыл шаруашылығы жануарларының сібір жарасы ауруының инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан бастап 14 күнге жетеді. Осы негізде Атырау қаласындағы сібір жарасына шалдыққан ірі қара малының өлімі 12 қарашада орын алғандығын ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының аумағында малдың сібір жарасы қоздырғышын жұқтыруы мүмкін еместігін хабарлаймыз», делінген ресми мәліметте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде