ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы Бішкекте өтеді
ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы Бішкекте 2025 жылы өтеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі кезекті сессиясының кеңейтілген құрамдағы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Фото: akorda.kz
16:19 28.11.2024
«ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясын 2025 жылдың IV тоқсанында Қырғыз Республикасында өткізу ұсынылады. Егер қарсылық болмаса, бұл мәселені келісілді деп санап, тиісті хаттамалық шешімді рәсімдеуді ұсынамын. Қарсылық жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!