6 компанияға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы берілді
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған электрондық аукционның қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Фото: gov.kz
17:45 28.11.2024
Бұл аукционды аталған ведомство 2024 жылғы 11 қыркүйекте жариялаған.
Мына компаниялар жеңімпаз болып танылды:
1. Атырау облысындағы Қиғаш учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша (401096) - «Pro Explore Mining Co., Ltd.» жеке компаниясы;
2. Ұлытау облысындағы Бестақыр учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша (401097) – «Sozak Oil and Gas» акционерлік қоғамы;
3. Атырау және Маңғыстау облыстарындағы Азнагүл учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша (401103) - «Astana Guangming Mining Co., Ltd.» жеке компаниясы;
4. Ақтөбе облысындағы Батыс Жарқамыс II учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша (401098) - «HarmonyOre Mining Co., Ltd.» жеке компаниясы;
5. Атырау облысындағы Құлсары кен орнындағы көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша (401104) - «Kazakhstan Zhonghengyongsheng Energy Co., Ltd.» жеке компаниясы;
6. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы Шыңғыс-Телсу кен орнындағы көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша (401101) - «RV-Oil&Gas» ЖШС-і.
Айта кетейік, елімізде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру 4 жылдан бері электрондық аукцион арқылы жүзеге асырылып келеді.
Бұл «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске аукциондарды электронды форматта өткізуге мүмкіндік беретін түзетулер енгізуге байланысты мүмкін болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!