Өткен екі жылдың ішінде 474 газ баллоны жарылып, 118 адам мерт болған
Елімізде 2022 және 2023 жылдарда 474 газ баллоны жарылып, 118 адам мерт болған. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев айтты.
19:04 28.11.2024
«2022 жылы газ баллоны жарылуының 346 оқиғасы тіркелді. Одан 522 адам жапа шегіп, оның 97-сі қаза болды. 2023 жылы газ баллоны жарылуының 128 оқиғасы тіркеліп, 167 адам жарақат алды, 21 адам мерт болды», - деді Рашид Дубаев ОКҚ алаңында.
Маманның айтуынша, газ баллондары жарылуының бірінші себебі адамдардың оны қысқы уақытта пайдалану ережесін бұзуы болып отыр. Екінші себебі көптеген газ баллонының пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кетуімен байланысты.
«Газ баллондарын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Арнайы бағдарлама бар. Бұл жұмысты қолға алатын отандық өндіруші де табылды. Енді бұл жаңа баллондар цифрландырылады және тек қана ел аумағында пайдаланылады. Одан бөлек, олар шығарылған сәтінен бастап пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін бақылауда болады», - деді ол.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!