Алматыда жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды
Алматыда жеке сот орындаушысы әлеуметтік маңызды санаттағы істердің өндіріп алу бағыты бойынша бірқатар заңбұзушылыққа жол берген. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлім етті.
15:08 29.11.2024
Ведомстводан атап өткендей, алимент өндіріп алуға байланысты 6 атқарушылық іс жүргізу кезінде заңбұзушылықтар анықталды.
«Сот орындаушысы іс жүргізулерді бір өңірден екінші өңірге негізсіз жолдай отырып, жасанды жолмен созған. Сондай-ақ, бұғаттауларды заңсыз алып тастау, берешектерді өндіріп алу бойынша шараларды уақтылы қабылдамау және уәкілетті органдардың талаптарын елемеу жағдайлары анықталды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Алматы қалалық сотының қаулысымен жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!