Доллар арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
16:39 29.11.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,83 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 511,22 теңге.
Ұлттық банктің 29 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 513,00 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,69 теңге. Еуро — 541,16.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 522,5 теңге. Еуро 540 – 547 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 512 теңге, сатып алу құны – 520 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 547 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 4,83 – 4,93 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!