Танысын Түркияға жезөкшелікпен айналысуға жіберіп жатқан әйел ұсталды
Ташкент облысы ІІББ (ішкі істер бас басқармасы) жедел уәкілдері Охангарон қалалық МҚҚ қызметкерлерімен бірлесіп өткізген кезекті жедел іс-шара барысында тағы бір әйелдің адам саудасы құрбанына айналуының жолын кесті, деп хабарлайды Ташкент облысы ІІББ баспасөз қызметі.
Фото: Видео кадры
17:46 29.11.2024
Жедел іс-шарада Охангарон қаласында тұратын 2002 жылы туған әйел (Х.Т.) оңай жолмен ақша табу мақсатында өзі танитын 2004 жылы туған әйелді (З.О.) алдап, қомақты ақша табатынына сендіріп, Ташкент халықаралық әуежайы арқылы Түркияның Стамбул қаласына жезөкшелікпен айналысуға жөнелту кезінде айғақтармен ұсталды.
Әйелді Стамбулда Түркия азаматтары күтіп алуы керек болып шықты.
Ұсталған әйелге қатысты ӨР Қылмыстық кодексінің 135-бабы (адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!