{metadescription}
Астанада жүк көлігінің жанармай багы жарылып, адамдар зардап шекті

Астанада жүк көлігінің жанармай багы жарылып, адамдар зардап шекті

Елорданың Сарыарқа ауданындағы Жарсуат көшесінде үш қабатты әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан бокстан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

«Өрт сөндіру бөлімшелері келгенше бокс ғимаратында жүк көлігінің жанармай багы жарылып, артынан өрт шықты. Өрт кезінде бокстың ішінде 3 жүк көлігі болған, өрт сөндірушілер екі көлікті өрттен сақтап қалды. Өрт салдарынан үш адам зардап шекті, олар жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне жіберілді», - делінген ведомство хабарламасында.

15 шаршы метр аумақта шарпыған өрт сөндірілді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.