Футбол матчындағы жаппай төбелесте 56 адам көз жұмған
Гвинеяның оңтүстік-шығыс бөлігінде футбол матчындағы жаппай төбелес кезінде 56 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі үкіметтің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады, деп жазады Report.
Фото: Report
13:48 02.12.2024
Оқиға елдегі ең үлкен стадиондардың бірі саналатын Нзерекор қаласындағы стадионда Гвинея әскери қолбасшысы Мамади Думбуяға арналған турнирдің финалдық матчы кезінде болды.
"Төрешілердің даулы шешімі көрермендер арасында дүрбелең тудырып, төбелеске ұласты", – делінген ақпаратта.
Кейбір жанкүйерлер тас лақтыра бастады, бұл стадиондағы хаосты күшейтті, деп қосты билік өкілдері.
Гвинея үкіметі оқиғаны жан-жақты тексеруге уәде берді.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!