{metadescription}
Алматыда ерлі-зайыпты қарт кісілерді өлтіріп кеткен

Алматыда ерлі-зайыпты қарт кісілерді өлтіріп кеткен

Алматыда жер үйлердің бірінен егде жастағы ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Ер адам 87 жаста, ал әйел 89 жаста болған.

Алматы қаласының Полиция департменті кісі өлтірді деген күдік бойынша 56 жастағы әйел ұсталғанын хабарлады. Полиция мәліметінше, ол қарт кісілердің танысы болған.

"Түрксіб аудандық полиция ьасқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, 56 жастағы әйел жанжал кезінде өзінің таныстарын өлтірген. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде