1 қаңтардан жәрдемақылар мен зейнетақы өседі
1 қаңтардан жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6 пайызға артады. Бұл туралы Үкіметте өтіп жатқан брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.
Фото: istockphoto.com
17:09 02.12.2024
"Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалуда және толық көлемде орындалатын болады. Бұл үкіметтің басым бағыттарының бірі. Осы жылдың қаңтар айынан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, барлық зейнетақ мен жәрдемақыны индекстеу жүзеге асырылады. Жәрдемақылар мен базалық зейнетақы - 7 пайызға, ортақ зейнетақы - 9 пайызға. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ зейнетақы 8,5 пайызға әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6 пайызға жыл сайынғы индекстеу жүзеге асырылады", - деді Нұрлан Байбазаров.
Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен өсіру жалғасуда. 2025 жылға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік төлемдердің 42 түріне 6 трлн теңгеден астам сомаға шығыстар көзделген. 2024 жылмен салыстырғанда өсім 12,5 пайызды құрайды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!