{metadescription}
Атырау әкімдігі күйеуі қайтыс болған әйелді жер алу кезегінен негізсіз шығарып тастаған

Атырау әкімдігі күйеуі қайтыс болған әйелді жер алу кезегінен негізсіз шығарып тастаған

Атырау қаласының әкімдігі асыраушысы жоқ әйелді жер алу кезегінен негізсіз шығарып тастаған. Бұл шешіммен келіспеген тұрғын облыстық мамандандырылған әкімшілік сотына жүгінді.

Атырау қаласының тұрғыны 2005 жылдың желтоқсан айында әкімдіктен жер телімін беруді сұрап, кезекке тұрған. Алайда, ол 2011 жылдың қарашасында қайтыс болған. 

- 2012 жылдың сәуір айында жесір әйел әкімдікке жер учаскесіне кезекті өз атына қайта рәсімдеу туралы өтінішпен жүгінген. Кейін ол жер комиссиясының қарауына бірқатар тиісті құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы жер қатынастары бөлімінің талаптарын толық орындаған. Ал, 2015 жылдың мамыр айында аталған бөлім жесір әйелге 2005 жылдың желтоқсан айынан бері жер учаскесіне кезекте тұрғаны туралы анықтама берген. Мұны EGOV және EГКН ақпараттары растайды, -деп хабарлады соттан. 
Алайда, 43 жастағы әйел 2023 жылдың маусым айында жер телімі кезегінен шығарылған. Бұл әкімдіктің бөлімінен хабарланған. Кейін ол бөлімге дауды сотқа дейін реттеу туралы өтініш берген. Бөлімнен бұл ұсыныстан бас тартқан.

- Талап қоюшы ресми ақпарат көздеріне сәйкес 2005-2023 жылдар аралығында кезекте тұрғаны анықталды. Сот осыны ескеріп, бөлімнің кезекті қалпына келтіруден бас тартуын заңсыз деп таныды. Бөлімге талап қоюшының кезегін қалпына келтіру міндеттелді, - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметі.

Әкімдіктің бөлімі сот шешіміне байланысты шағым түсірмеген. Ал, сот шешімі заңды күшіне енді.


Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде