{metadescription}
Павлодарда жыл басынан есірткіге қатысты 225 қылмыс анықталған

Павлодарда жыл басынан есірткіге қатысты 225 қылмыс анықталған

Оның ішінде 100 қылмыс «ауыр» және «аса ауыр» санаттарға жатады. Айналымға жіберілмеген есірткі және психотроптық заттардың көлемі 423 килограмды құрап отыр.

Өңірлік полиция департаменті басшысының орынбасары Болат Нұрсейітов биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша есірткіге қатысты 225 құқық бұзушылық анықталғанын хабарлады. Оның ішінде 100 қылмыс «ауыр» және «аса ауыр» санаттарына жатады. Тәркіленген есірткі және психотроптық заттардың көлемі 423 килограмды құраған.

- Биыл «Киберқадағалау» жүйесімен 75 интернет-ресурсы және 115 OLX маркетплейсі бұғатталды. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында гашиш майы бар 3500 капсула тәркіленді. 2024 жылдың 10 айы ішінде қоғамда есірткіге саналы түрде қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында 1500-ден астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Оларға 143 мыңнан астам мектеп оқушылары, сондай-ақ, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты, - дейді Болат Нұрсейітов.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Бұйрашевтың мәліметінше, өңірде есірткіге тәуелділер есебінде 1876 адам тұр. Мәжбүрлі бөлімшедегі стационарларда 33 адам, ерікті бөлімшеде 196 адам емделді.

Оңалтудың үшінші кезеңі Мичурин ауылының «Асар» бөлімшесінде жүргізіледі. 2023 жылғы желтоқсаннан бастап медициналық куәландыру кабинеттерінде 8 жолақты сынақтар жүргізіледі. Олар морфин, марихуана, трамадол, амфетамин, мефедрон, тропикамид, митилен-диоксипировалерон, синтетикалық каннабиноидтарды анықтай алады. 

Бұған қоса биыл 282 млн теңгеге 2 заманауи газ хроматографы сатып алынған, құрылғы жаңа есірткі қосындыларын анықтауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде