{metadescription}
Өскеменде полицейді боқтаған әйел жазаланды

Өскеменде полицейді боқтаған әйел жазаланды

Өскемен қаласында полиция қызметкерін мас күйде боқтап тасаған әйел 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

Қалалық № 2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құқық қорғау органы қызметкерін балағаттаған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Осы жылдың қыркүйек айында полиция капитаны ер адамға ұрлық фактісінің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне баруды ұсынған кезде оның әйелі шу шығарған. Мас күйдегі әйел тәртіп сақшысын балағаттай жөнелді. Оның кінәсі бейнежазбамен, жәбірленушінің айғақтарымен және тергеу хаттамаларымен расталды", — делінген ақпаратта.

Сот барысында әйел адам өз кінәсін мойындап, бұл ісіне өкінетіндігін жеткізді. Алайда айыпталушының мас күйде болуы жазаны ауырлататын мән-жай деп танылды.

Сот шешімімен әйел 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде