Алматыда тұмау жұқтырғындардың саны 30 пайызға артқан
Алматыда соңғы апталарда тұмау жұқтырғандардың саны біршама артқан. Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы айтты.
Фото: istockphoto.com
20:39 03.12.2024
Оның айтуынша, Алматыда өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 23 086 жағдайы тіркелген. Ал екі апта бұрын мегаполисте 16 429 адам тұмау болып ауырған, яғни ауру жұқтырғандар саны 28,8%-ға артқан. Жалпы ауруды жұқтырғандардың 66,7%-ы — балалар.
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері тұмаудың эпидемиологиялық өсуі кезеңінде алдын алудың шараларын орындауға кеңес берді:
— дәрігердің тағайындауымен С дәруменін алып, оксолин сықпасын қолдану керек;
— жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды азайту, бөлмелерде ылғалмен сүртіп, желдету, ЖРВИ-мен науқастанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде кию керек;
— ауырған жағдайда, өз бетімен ем-дом қолданбай, үйден шықпастан, медицина қызметкерін шақыруы қажет, түшкіргенде және жөтелгенде ауызды қолмен, майлықпен жауып, қолды жиі жуу қажет;
— ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени іс-шаралар жүргізілетін орындарға жібермеу қажет.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!