Пошта арқылы жөнелтілетін есірткі заттары қалай анықталып жатыр
Пошта арқылы есірткі жөнелтуге тырысатындар анықталып жатыр.
Фото: видеодан алынған скрин
12:45 04.12.2024
Бұл туралы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы айтты. Бүгін Мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында тілшілер пошта арқылы жіберілетін заттардың арасында заңсыз есірткі тасымалы бойынша неше дерек анықталғанын сұрады.
Өз кезегінде Ә. Жанасова қазір «Қазпошта» құқық қорғау органдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп жатқанын айтты.
- Екі жылда не істедік? Бұл проблема бойынша осы деректердің анықталуына көмектесіп жатырмыз. Біздің қоймалар мен заттарды сұрыптау ғимараттарында үйретілген иттерді ұстаймыз. Осы иттер арқылы заңсыз заттар анықталып жатыр. Барлық қоймада рентген аппараттар орнатылған. Биыл 7 оқиға (есірткіге қатысты) анықталып, оны құқық қорғау органдарына хабарладық. Былтыр осындай 5 жағдай анықталды, - деді «Қазпошта» басшысы.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!