Қаржылық мониторинг агенттігі 150 мыңға жуық акцизсіз темекі сатушыларды құрықтады
Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері контрофактілі темекі өнімдерін тауып, тәркілеген.
Фото: pixabay.com
14:06 04.12.2024
Жалпы, мамандар Қарағанды және Ақтөбе облыстарындағы екі кәсіпкерден акцизсіз 150 мыңға жуық темекі тәркіледі. Қарағанды облысында қаржы мониторингінің қызметкерлері есепке алу-бақылау маркаларынсыз темекі өнімдерін сатқан заңсыз әрекетін әшкереледі.
«Агенттік қойма үй-жайын тінту барысында 71 мыңнан астам қорап темекі тауып, оларды тәркіледі. Тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 18,5 млн теңгені құрады. Контрафактілік темекі өнімдері жойылды», - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.
Бұдан басқа, Ақтөбе облысы бойынша ҚМА департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша Қырғыз Республикасының азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. ҚМА хабарлағандай, «Жайсан-авто» автомобиль-өткізу бекетінде Қазақстан Республикасынан тауар шығару кезінде жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды.
«Жүк көлігінің шанағын тексеру кезінде көкөністерде (пекин қырыққабаты) жасырылған акциздік маркалары жоқ, жалпы саны 70 мыңнан астам қорап темекі өнімдері табылды. Мемлекеттік кірістер органдарының деректеріне сәйкес төлеуге жататын акциздік алым сомасы 22,6 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - деп түсіндірді ҚР ҚМ.
Жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды және ондағы темекі өнімдері тәркіленетін болады.
Жалпы, 2024 жылдың басынан ҚМА өндірісінде темекі өнімдерінің айналымына байланысты 62 қылмыстық іс тіркелді, оның 35-і сотқа жолданды. Барлығы 11 млрд теңгеден астам сомаға 22 млн қорап темекі тәркіленді.
Қаржы мониторингі агенттігі акцизделетін темекі бұйымдарын акциздік маркаларсыз ірі мөлшерде өткізу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді (ҚР ҚК 214-бабы).
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!