{metadescription}

Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Абылайхан 71 келіге дейінгі салмақта түркменстандық Байрамдурды Нұрмұхамедовпен қолғап түйістірді. 

Бұл жекпе-жек отандасымыздың айқын басымдылығымен өтті. Үшінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді. Қорытынды есеп – 5:0. Осылайша, Абылайхан Жүсіпов те жартылай финалға жолдама алды.

Енді Қазақстаннан Әйгерім Сәттібаева мен Сымбат Әлиасқар рингке шығады.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде