Үш альпинист із-түссіз жоғалып кетті
Жаңа Зеландияның ең биік шыңы Аораки тауына сапар шеккен үш альпинист жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: istockphoto.com
15:39 04.12.2024
Sky News ақпаратынша, жоғалған адамдардың екеуі - американдық, үшінші альпинист - Канада азаматы. Олар таудың жарты шегінде келісілген көлікке дейін жете алмаған, хабар-ошарсыз кеткен.
Құтқарушылар туристердің альпинизмге керек заттарын тапқан, алайда ешқайсысының іздері табылмаған.
Американдық тау гидтері қауымдастығының сайтына сәйкес, колорадодалық 56 жастағы Курт Блэр және калифорниялық 50 жастағы Карлос Ромеро сертификатталған альпілік гидтер. Дегенмен, Жаңа Зеландия полициясы канадалық альпинисттің атын атаған жоқ. Таудағы ауа-райының нашарлауы оларды іздеу жұмыстарына кедергі келтіруде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!