Доллар бағамы қайта қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
Фото: istockphoto.com
16:57 04.12.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,37 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 523, 58 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528,5 теңге. Еуро 546 — 553 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 529 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00 - 5,10 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 4 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 523,17 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,93 теңге. Еуро — 550,06.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!