Биыл 240 мың оқушы мен ата-анаға психологиялық көмек көрсетілді
Биыл Психологиялық қолдау орталықтары 240 мыңға жуық оқушы мен олардың ата-аналарына көмек көрсетті. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты.
17:20 04.12.2024
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде алғаш рет 20 Психологиялық қолдау орталығы ашылды. Министрлік тарапынан орталықтардың қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, штат кестесі, қызметкерлердің біліктілігіне және материалдық-техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптар бекітілді. Қазіргі күні орталықтардың кадрмен қамтылуы 68% деңгейінде», — деді ол ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде.
Вице-министрдің айтуынша, биыл Психологиялық қолдау орталықтары тарапынан 240 мыңға жуық оқушы мен олардың отбасына көмек көрсетілген. Олардың 140 мыңы — кәмелетке толмаған бала, ал 100 мыңға жуығы — ата-ана.
«Орталықтардың қызметін дамыту үшін жобалық офис құрылып, провайдерлер анықталды. Орталықтан тиісті бақылау күшейтілуде. Барлық әкімдіктер белгіленген алгоритмге сай орталықтардың жұмысын жолға қоюды қолға алуда. 2024-2025 оқу жылының басынан бері білім ұйымдарына ДОСБОЛlike буллингке қарсы отандық бағдарлама, балалар арасында қауіпсіз мінез-құлық пен дағдыларды дамытуға бағытталған «қауіпсіздік сабақтары» енгізілді», — деді Еділ Оспан.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!