{metadescription}

Жетісу облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Ескелді ауданында жол көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды. Құзырлы орган өкілдері сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын мәлімдеді.

Жол көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні Балпық Би — Қарабұлақ автожолының 44-ші шақырымында болған. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, Mercedes автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан К-700 мамандандырылған техникасымен соқтығысқан. 

"Балпық би- Қарабұлақ автожолында тіркелген жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жеңіл автокөлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Көлік құралдары айып тұрағына жеткізілді. Жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз", - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті мәліметінде. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде