Абай облысында жылу маусымына жауапты лауазымды тұлғалар жазаланды
Облыс прокуратурасы өңірде жылу беру маусымына дайындау мәселесіне талдау жүргізіп, бірнеше ауданда жылу мерзімінде берілмегені анықталған.
20:45 04.12.2024
Бұл туралы Абай облысы прокуратурасы мәлімдеді.
Прокуратураның мәліметінше, облыс орталығында жылу маусымы 1 қазанда басталған. Алайда, басқа аудандарда жергілікті атқарушы органдар жылу беру маусымына дұрыс дайындалмағаны белгілі болып отыр. Аягөз ауданында қазандық істен шықса, Жарма ауданында жабдықты жөндеу жұмыстары кешіктірілген.
Прокуратураның актісімен аталған аудандарда жылу беру маусымын бұзғаны үшін, Аягөз ауданының әкімі мен облыс әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, «Жарма-Су» КМК директоры қызметінен босатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!