Бүгін еліміздің 12 қаласында ауа ластанады
2024 жылғы 5 желтоқсанда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Шымкент, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, түнде Астана қаласында күтіледі – делінген хабарламада.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
08:22 05.12.2024
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!