{metadescription}

Қазақстан 2025 жылы қандастарға қанша квота бөлмекші

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылы қандас қабылдау квотасының жобасын көпшілік талқылауына шығарды

«Қандастарды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасының саны 2 309 адам», - деп жазылған бұйрық жобасында.

Ал қоныс аударушыларды қабылдау квотасының саны 7 344 адам болып белгіленбек. Министрлік өкілдері бұл жердегі қоныс аударушылар квотасы Қазақстанның өз ішінде жұмыспен қамту бағдарламалары аясында көшетін адамдарға берілетінін айтады.

- Құжат еңбек тапшылығы бар өңірлердің қажеттілігі негізінде 9 653 адамнан тұратын қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын бекітуді көздейді, - деп жазылған құжатта. Яғни, аталмыш квотаға енген тұлғалар елдегі еңбек күшінің тапшылығы бар өңірлеріне жіберіледі деген сөз.

2024 жылы қандас қабылдаудың өңірлік квотасы 2433 болған еді.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде