{metadescription}

Әйелін ақ аюдың шабуылынан қорғамақ болған ер адам ауыр жарақат алды

Канадада 3 желтоқсан күні таңертең ер адам ақ аюдың шабуылына тап болып, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CBS мәліметтері бойынша, ерлі-зайыптылар иттерін іздеу үшін таңғы 5-те көшеге шыққан. Алайда, жол жиегінен аюды кездестірген, жыртқыш бірден әйелге тап берген. 

"Ер адам сүйіктісін қорғау үшін, аюға қарсы тұрған. Қазір ол аяғы мен қолынан алған ауыр жарақаттарын емдеуде", — делінген жергілікті полиция қызметі мәлімдемесінде.

Сырттағы айғай-шуды канадалық жұптың көршісі естіп, аюды мылтықпен бірнеше рет атқан. Осылайша аң орманға қашып кетті. Кейінірек полиция аюдың алған жарақаттарынан қайтыс болғанын растады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде