Алматы көшелерінде тағы 6 мың камера пайда болады
Алматыда «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» жобасын іске асыру жалғасып жатыр.
Фото: Александр Павский/ Kazinform
13:26 05.12.2024
Қазір жүйеге 45,2 мың бейнекамера қосылған, олардың ішінде 616 мемлекеттік және 240 жеке нысан бар. 2025 жылы Алматыда цифрлық жобаларды дамытуға 16,3 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр.
– 2025 жылы жаңа бюджет аясында қаражат халық көп жиналатын орындар мен «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніндегі 6 мың камераны техникалық қызмет көрсетуге бағытталады деп жоспарланып отыр. Бұл кешендердің жұмысы нәтижесінде мегаполисте көлік апаттарының саны 17%-ға, ал жол апатынан қаза тапқандар саны 40%-ға азайған. Қазіргі уақытта қалада осындай 1 641 кешен жұмыс істейді. Осы жылдың 9 айында Алматыда 3 млн астам құқықбұзушылық тіркелген, оның ішінде 18,7 млрд теңгеден астам айыппұл бюджетке өндірілді, – деп атап өтті қалалық мәслихаттан.
Жобаның негізгі мақсаты – қаланың барлық бейнебақылау камерасын біріктіру үшін бірыңғай платформаны енгізу. Бұл бейнеағындарды нақты уақыт режимінде талдауға және оларды түрлі міндеттер үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
– 2025 жылы Алматыда цифрлық жобаларды дамытуға 16,3 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр, – делінген хабарламада.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!