Қызылордада баланың басы баспалдақтың темір қоршауына қысылып қалған
Қызылордада құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйдегі баспалдақтың темір қоршауына басы қысылып қалған баланы құтқарды.
Фото: Қызылорда облысы ТЖД
15:39 05.12.2024
Оқиға Қызылорда қаласындағы «Арай» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің бірінде болған.
"Төтенше жағдайлар қызметіне қала тұрғынынан баласының басы баспалдақтың темір қоршауына басын тығып, қайта шығара алмағаны туралы шақырту түсті. Құтқарушылар оқиға орнына барып, гидравликалық құралмен темірді кесті. Осылайша баланың басын темірден шығарып берді. Бала аман-есен. Баланың ата-анасы құтқарушыларға алғыс білдірді", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!