Ақша айырбастау орындарында доллар құны өсті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
Фото: istockphoto.com
16:41 05.12.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,84 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 524, 65 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 529 теңге. Еуро 548 — 555 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 532 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 555 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,03 - 5,17 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 5 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 523,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,01 теңге. Еуро — 549,71.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!