{metadescription}

Қызылордада сотталған адамға кәмпит ішіне жасырылған есірткі өткізбек болған

Қызылордада жазасын өтеп жатқан тұрғынға тәтті кәмпитпен бірге белгісіз ақ ұнтақты өткізуге неиеттенген әйел адамның әрекеті әшкере болды.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті анықталып, дер кезінде тоқтатылды. Жазасын өтеушіге кәмпит ішіне жасырылған есірткі заттарын жеткізуге тырысқан азаматша ұсталды.

"Азаматша қарақшылық үшін жазасын өтеп жатқан сотталғанға ақ түсті 12 қағазға оралған кәмпит пен белгісіз ақ ұнтақты алып келген. Оған қатысты Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Тергеу барысында өзіне тән өткір иісі бар жасыл түсті және ақ ұнтақ заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың 31,99 грамм кептірілген марихуана және 0,41 грамм мефедрон екені анықталды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, аталған дерекке байланысты әйел кісіге ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде