Өскеменде екінші күн қатарынан қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды
Өскемен қаласында ертең тағы да қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптаспақ.
Фото: istockphoto.com
20:06 05.12.2024
Өскеменді қайтадан түтін тұмшалап барады. Себебі кешелі бері жел соқпай тұр. «Қазгидромед» РМК ертең тағы да қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын жария етті.
"Бүгін сағат 20.00-ден бастап 6 желтоқсан 20.00-ге дейін Өскеменде екінші дәреже туралы ескерту жарияланды", — делінген хабарламада.
Осы ретте, тұрғындарға ҚМЖ кезінде далада ұзақ жүрмей, пәтердегі терезелер мен желдеткіштерді жауып отыруға кеңес берілді. Сондай-ақ қайнатылған, тазартылған немесе газсыз минералды су мен шәй ішіп, ас содасының ерітіндісімен тамақты жиі шаю қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!