{metadescription}

Газадағы құрбандар саны 44 580-ге жетті

Соңғы 24 сағатта Израильдің Газадағы шабуылдарынан 48 адам қаза тапқан. Бұл туралы Анадолы хабар берді.

2023 жылдың 7 қазанынан бері 426 күн ішінде Израильдің Газа секторында жасаған геноцидінің салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 44 580-ге, жараланғандар саны 105 739-ға өсті, деп хабарлады Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі. 

Тек соңғы 24 сағатта Израиль армиясының Газа секторының әртүрлі аймақтарында жасаған «бес қырғыны» нәтижесінде 48 адам қаза тапқан. Сонымен қатар, Палестина эксклавының 201 тұрғыны зардап шеккен.

Қаза тапқандардың мәйіттері әлі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль әскерилері тудырған кедергілерге байланысты оларға жете алмайды, деп қосты ведомство.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде