Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады - Қазгидромет
«Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 6-сы күнгі күн райы болжамын жариялады.
Фото: Александр Павский/ Kazinform
08:28 06.12.2024
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атмосфералық ағындрдың өтуіне қарай ҚР аумақтарының басым бөлігінде күн құбылмалы болады, қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар жауады.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында жоғары қысымды өрістің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыста, солтүстікте жел күшейіп, солтүстікте, орталықта бұрқасын болуы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!