Павлодарда артемия шаянын өңдейтін жасырын цех анықталды
Павлодар облысының прокуратурасы «Artemia salina» шаянын өңдейтін астыртын цехты анықтады. Жалпы көлемі 25 тоннадан асатын өнім тәркіленді.
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
09:56 06.12.2024
Ақсу қаласының далалық аймағында адамдар тобы рұқсат құжаттарысыз өндірілген артемияны тазалаумен айналысқаны анықталды.
- Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Мөлшері 25 тоннадан асатын 500 қап өнім тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Табиғи ресурстарды заңсыз өндірудің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, - деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасынан.
Ал жуықта өңір полицейлері 16 қап артемия шаяны тиелген автокөлікті тоқтатқан. Балық ресурсын заңсыз өндіру дерегі бойынша тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!