{metadescription}

«Алматы-Өскемен» автожолында жол апатынан жаяу жүргінші мерт болды

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметіне сәйкес, 6 желтоқсанға қараған түні Geely EMGRAND автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылының маңындағы «Алматы-Өскемен» тасжолының 54 шақырымында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол апаты салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

- Жол-көлік оқиғасының фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Өңір полициясы жаяу жүргіншілерді қырағылық танытуға, жолды тек белгіленген орындарда кесіп өтуге және жол қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде