{metadescription}

Алматылықтардың орташа жалақысы – 470 мың теңге

Алматылықтардың орташа айлық жалақысы 6,1 пайыз өсті. Бұл туралы қалалық Экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәслихат сессиясында айтты.

"Қарашада жылдық инфляция Алматы қаласында 9,0 пайызға дейін баяулады. Жыл қорытындысы бойынша инфляция 8,5%-ға, ал 2025 жылы инфляцияның 7,5 пайызға дейін төмендеуі мүмкін", - деді ол.

Айтуынша, Алматыда орташа айлық 6,1 пайызға өсіп, 470 мың теңгеге жетті.

"Қала экономикасының алдағы 5 жылға орташа жылдық өсу қарқыны 5,8% деңгейінде болжанады. Бұл Алматының жалпы өңірлік өнімінің көлемін осы жылғы 28,2 трлн теңгеден, 2029 жылы 47,4 трлн теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жалпы, осы жылы қала экономикасының өсімі 5,5% деңгейінде күтілуде. 2025 жылы экономикалық өсім 6,4 пайызға жетеді", – деді басқарма басшысы.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде