{metadescription}

Доллар бірден 9 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 9,31 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 514,65 теңге.

Ұлттық банктің 6 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 524,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,14 теңге. Еуро — 552,19.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513,1теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 517 теңге. Еуро 540,5 — 547,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 540 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,09 - 5,25 аралығында саудаланып жатыр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде