{metadescription}

Атырауда көлік қаққан әйел оқиға орнында көз жұмды

Атырау қаласында 59 жастағы әйелді көлік қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған ақпаратқа сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін, 6 желтоқсанда болған. 

«Бүгін таңғы сағат 07:00 шамасында Атырау қаласының «Сарықамыс» шағын ауданындағы Тұран көшесінің бойында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 59 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Белгілі болғандай, әйел жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан. Оны қаққан жүргізуші баяу жылдамдықпен келе жатқанын мәлімдеген. Қазі аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр. 

«Жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығына, жолдың тайғақ болуына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеміз. Тәуліктің барлық мезгілінде, әсіресе, таңғы және кешкі уақытта сақ болған жөн», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде