Ақтөбеде екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілері көз жұмды
Самара – Шымкент тасжолының Ырғыз ауданы аумағында екі жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі сол жерде көз жұмды.
Фото: istockphoto.com
19:39 06.12.2024
Оқиға сағат 15:30 шамасында Самара – Шымкент тасжолында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыдан шыққан жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Рульде Тәжікстан азаматы болған.
Салдарынан қарсы келе жатқан жүк көлігімен соқтығысып, 50 және 21 жастағы қос жүргізуші көз жұмды. Жүк көлігінің бірі жеңіл көлік тасымалдаған.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!