{metadescription}

Рудныйда кәріз құдығынан мәйіт табылды

Рудный қаласында кәріз құдығынан күйіп қалған ер адамның денесі табылды. Марқұмның кім екені әлі анықталмай жатыр.

Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мәйіт Рудныйдағы кәріз құдығынан табылған. Бұл кәріз құдығында қоқыс жанғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта марқұмның кім екендігі белгісіз. Сол үшін полицейлер тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

"Тәртіп сақшылары мәйіттің табылуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, қажетті шаралар жүргізілуде. Барлық мән-жай анықталып жатыр", - делінген ақпаратта.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде