{metadescription}

Жетісу облысында көлік ұрлап, ізін суытқан 33 жастағы ер адам ұсталды

Талдықорған қаласынан жеңіл көлікті ұрлаған 33 жастағы азамат Алматы облысы, Бесағаш ауылында тұтқындалып, қамауға алынды.

Тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Mercedes маркалы автокөлікті ұрлап, Бесағаш ауылына жасырынып үлгерген. Полиция қызметкерлері қылмыс жасаған азаматтың мекен жайын анықтап, жедел іс-қимылдың нәтижесінде оны тұтқындаған. Қазір көлік заңды иесіне қайтарылып, күдікті қамауға алынды.

– Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Заңнамаға сәйкес автокөлікті ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Кінәлі адамға мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, 600 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Айта кетейік полиция қызметкерлері азаматтарға мұқият болуды және өз мүлкін қорғау үшін барлық сақтық шарасын жасауды ескертеді.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде