Шерзаттың ағасының өлімі: оқиғадан бұрын марқұм туыстарына хабарлама жіберген
Алматы облысының Полиция департаменті мәйіті табылған 30 жастағы ер адам өліміне қатысты тың деректермен бөлісті.
Фото: Александр Павский/ Kazinform
11:33 09.12.2024
Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімовтың айтуынша, марқұм Шерзат Полаттың ағасы өз-өзіне қол салар алдында туысына WhatsАpp желісі арқылы хабарлама жіберген.
— Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұрады, — дейді Бағдат Әшімов.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!