{metadescription}

Алматы облысында биыл жол апатынан 47 адам көз жұмды

Алматы облысының Полиция департаменті жаяу жүргіншілерді жол ережелерін сақтауға шақырды.

Облыстық полиция мәліметінше, осы жылдың 11 айында жаяу жүргіншілер 806 жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Онда 1022 адам жарақат алып, 47 адам мерт болған.

"Басты ереже - жолды белгіленген жерден кесіп өту қажет. Бұл жол апатына тап болудың қаупін азайтады. Қараңғы түскенде жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану қажет. Бұл көлік жүргізушілеріне жаяу жүргіншілерді байқауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады департаменттен.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде