{metadescription}
Тұрғын үй кезегін бір жүйеге келтіруді тапсырғанмын, әлі аяқталған жоқ – Үкімет басшысы

Тұрғын үй кезегін бір жүйеге келтіруді тапсырғанмын, әлі аяқталған жоқ – Үкімет басшысы

Үкімет басшысы Олжас Бектенов елімізде тұрғын үй саясатына қатысты бірқатар проблеманы атады.

— Көріп отырғанымыздай, тұрғын үймен қамту құралдарының барлығы бірдей тиімді әрі толыққанды қолданылып отырған жоқ. Сондықтан өңірлерде бөлінген қаражатты уақтылы игеріп, ұсынылған құралдарды пайдалану қажет, — деді Олжас Бектенов Үкімет үйінде. 
Сондай-ақ Премьер-министр баспана кезегінде тұрғандардың қолданыстағы тізімін жаңарту керектігін айтты. 

— Мен тізімдерді түгендеп, бір жүйеге келтіруді тапсырған болатынмын. Бірақ, бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан оны тездету керек. Баспана кезегінде, шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек. Сондай-ақ инженерлік желілерді тарту мәселесіне де назар аударғым келеді. Инфрақұрылымның жоқтығынан объектілерді іске қосу тым ұзаққа созылып кетуде. Мұндай мысал әр өңірде бар, — дейді ол.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде